Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында мемлекеттік мекемелер 27,3 млрд теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Прокуратура 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды

 Динара Амантай 04.04.2024 | 09:26
Қарағанды облысында мемлекеттік мекемелер 27,3 млрд теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы құны 27,3 млрд теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.

Атап айтқанда, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.

Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңгеге ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған. Бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама