Алматыда жас жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды
Қазір тергеу жалғасып жатыр
Алматыда жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.
Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші қатысушы ұсталып, қамалған. Алайда істің жай-жапсары айтылмайды. Тергеу жалғасып жатыр.