Елімізде базарлар саны азайып барады
Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 644 сауда базары тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78-ге аз.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішінде 435 сауда базары (121,5 мың сауда орны) қалалық жерде, ал 209 – ауылды жерде (38,7 мың сауда орны) орналасқан.
Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 114 бірлік, сондай-ақ Алматы және Ақтөбе облыстарында - әрқайсында 57 базардан.
Өңірлік бөліністегі ең көп сауда орны Алматы қаласында – 23 400 орын (38 базар), ал ең азы Ұлытау облысында - 528 орын (8 базар).
Айта кетейік, 298 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 346-сы жеке кәсіпкерлерге тіркелген.
Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,4 млн м2 құрайды.