Сотта Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген кадрлар көрсетілді

Халық үні

Кадрдан Нүкенованың қарсылық көрсетуге шамасы жоқ екенін аңғаруға болады

фото: tengrinews.kz

Сотта экс-министр Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы мейрамхананың фойесінде соққыға жыққан видеосы көрсетілді.

Кадрлардан олардың лифттен қалай шыққаны, Бишімбаевтың Нүкенованы шашынан ұстап сүйрегені, қолмен ұрып, аяқпен тепкенін көруге болады. Кейін айыпталушы жерге сұлап түскен Нүкенованы тұрғызып, шашынан ұстап VIP кабинаға қайта кіргізген.

Кадрдан Нүкенованың қарсылық көрсетуге шамасы жоқ екенін аңғаруға болады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесі ертең жалғасады.