×

Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

 Динара Амантай 03.04.2024 | 17:57
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар, кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама