×

Қазақстандық кәсіпқой боксшы әлемдік рейтингте үздік бестікке көтерілді

Ол даңқты Луис Гарсияның алдына шықты

 Еркеғали Болатұлы 03.04.2024 | 13:13
фото: prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді.

Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы (17-0,12КО) қазір WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік 5 боксшының қатарында.

Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шімімен ұтып, мансабындағы 17-жеңісіне жеткен еді. Осы жеңіс оны әлемдік рейтингте жоғарылатып, бұрынғы Луис Гарсияның алдына шығарды.

Сұлтанның салмағында чемпион Америки Ламонт Роуч болса, 1-орында Отар Эраносян, 2 және 3-орында Джоно Кэрролл мен Ли Вуд тұр.

Қазір Сұлтан Зауырбек Англияның даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалып жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама