Қабылданған шаралармен 1 мың 500 ауыл тұрғынының құқығы қалпына келтірілді.
Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында халықтың мұқтажына арналған жерді жекеменшікке заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.
Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың гектар Шақат ауылдық округінде орналасқан. Оның кадастрлық құны – шамамен 2,4 млрд теңге.
Қабылданған шаралармен 1 мың 500 ауыл тұрғынының құқығы қалпына келтірілді.