Ақтөбе облысында төрт су қоймасы салынады
Қазір Сазды мен Жіңішке өзендеріндегі су деңгейі азайып жатыр
Ақтөбе облысында төрт су қоймасы салынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.
Ол Ақтөбедегі №18 орта мектепте болған кездесуде жергілікті халыққа қиын кезде су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарына көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның зардабын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында бірінші кезекте апаттан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды толығымен өтеуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар тасқын шығынын бағалайтын арнайы комиссия құрып, жұмысты бастап кетті, – деді ол.
Соңғы дерекке қарағанда, Сазды су қоймасында ағыс күшейген соң Сазды мен Жіңішке өзендеріндегі су деңгейі азайып жатыр.
Төтенше жағдай қызметінің мамандары өзенге жақын маңдағы ауылдардан 25 адамды көшірген. Оның ішінде 9 бала бар.
Бұған дейін Ақтөбе қаласын кесіп өтетін Сазды өзені арнасынан шығып, көшеге су жайылған болатын.
Сазды су қоймасындағы су ағынының көбеюінен Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында суды ағызуды жоғарылату жұмыстары жасалып жатыр. Бұл ретте өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.