×

Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстар басталды

Биыл барлығы 68 мыңнан астам педагог оқытылады деп жоспарланған

 Динара Амантай 03.04.2024 | 09:45
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді.

Қазір курстарда 5 мың 665 педагог оқып жатыр. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МОДО, ЕНТ, PISA/PIRLS нәтижелерінің статистикасына назар аудара отырып жаңартылды. Бағдарламалардың жаңартылған құрылымында педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту бойынша қосымша модуль бар, – деді басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

Қазір орталықта 41 білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Биыл барлығы 68 мыңнан астам педагог оқытылады деп жоспарланған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш сынып мұғалімдері бар. Бұл шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және еліміздегі білім беру стандарттарын жақсартуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама