Halyq Uni логотип
×

Қорғаныс министрлігі Татарстан аумағына Қазақстаннан шабуыл жасалды деген ақпаратқа жауап берді

Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды 

 Халық үні 02.04.2024 | 23:45
Қорғаныс министрлігі Татарстан аумағына Қазақстаннан шабуыл жасалды деген ақпаратқа жауап берді
Фото: t.me/modgovkz

Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама