Halyq Uni логотип
×

Пойызда тыныштық бұзған әйел жауапқа тартылды

Оның мас болғаны дәлелденді

 Дәурен Ерболат 02.04.2024 | 17:55
Пойызда тыныштық бұзған әйел жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

«Алматы-Маңғышлақ» пойызында жолаушылардың мазасын алып, тәртіп бұзған әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл бірінші тоқсанда Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 20 859 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде тыныштықты бұзудың 55 дерегі, ішімдік ішу және қоғамдық орында мас жүрудің 1 617 дерегі тіркелді.

Мысалы, «Алматы-Маңғышлақ» жолаушылар пойызы Қызылорда облысының Шиелі станциясына келгеннен кейін көлік полициясы мас әйелді пойыздан түсіріп алған. Тексеріс барысында полицейлер тәртіпті Қызылорда облысының 7 жастағы тұрғыны бұзғанын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес әйелдің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды.

Күдіктінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша («Ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу және тыныштықты бұзу») әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама