×

Астанада инвестор медициналық мекемені электр желісіне қоса алмаған

Жобаны іске асыруға 5 млрд теңге жұмсалған

 Дәурен Ерболат 02.04.2024 | 16:50
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Елордада прокурорлар дайын нысанды электр желісіне қоса алмаған кәсіпкерге көмектесті, деп хабарлады қалалық прокуратура.

ORBIS CLINIC компаниясының инвесторы клиникалық диагностикалық орталықтың құрылысын іске асырған. Инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асады. Жоба 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа аурухана 150 төсек-орынға шақталған.

Бірақ инвестор бір жылдан аса уақыт медициналық нысанды электр желісіне қоса алмаған. Прокурорлар әкімдікпен бірлесіп, тиісті жұмысты жүргізді. Нәтижесінде инвесторға тиісті техникалық шарттар беріліп, жобаны іске асыру жалғасты.

Айта кетейік, мәселесін шеше алмай жүрген кәсіпкерлер мен инвесторлар 8 747 216 15 58 телефонына хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама