Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы жауапқа тартылды

800-ден астам еңбек мигранты еліне қайтарылды

 Динара Амантай 02.04.2024 | 14:57
Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды. Сонымен қатар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын еңбек қызметін іске асырған 6 мыңнан астам еңбек мигрантына қатысты осындай бұзушылықтар анықталған.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган QR коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама