Әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие мөлшерлемесі 7 пайыздан аспауы қажет
Президент Ұлттық құрылтайда тапсырған жаңа тұрғын үй бағдарламасы биыл 1 мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазір бұл бағдарламаны іске асыру үшін «Отбасы банкі» 300 млрд теңге тартып жатыр. (Жаңа ипотекалық бағдарлама) халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған және оның мөлшерлемесі 7%-дан аспайды.
Биыл 1 мамырда біз бағдарламаның толық шартын жариялап, іске қосамыз. Оны іске қосу үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді», - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз мәслихатында.
Министр уақыты келгенде ведомтво мен «Отбасы банкі» қызметкерлері арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, бағдарламаның шартын қазақстандықтарға түсіндіретінін атап өтті.
Айта кетсек, 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік осал тобына арналған тағы бір жеңілдетілген ипотеканы іске қосу керек екенін айтып, Үкіметке тапсырма берді.