Нәрестенің салмағы – 6 келі 280 грамм. Ал бойы – 57 сантиметр
Шығыс Қазақстан облысында алып сәби дүниеге келді, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Нәрестенің салмағы – 6 келі 280 грамм. Ал бойы – 57 сантиметр. Бұл туралы облыстық Ана мен бала орталығының бөлім меңгерушісі Жадыра Дүсіпова айтты. Бұл – 33 жастағы ананың төртінші баласы, – делінген хабарламада.
Бұл сәби облыстық Ана мен бала орталығында ең ауыр салмақта дүниеге келген алғашқы нәресте болып отыр.
Биыл қаңтар айында Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 грамм салмақпен алып сәби дүниеге келген болатын. Оны анасы өзі босанған. Дәрігерлер кесарь тілігін жасамаған. Нәрестенің анасы үшінші рет босанып отыр. Оның басқа балалары да салмағы ауыр болып туған. Тұңғышының салмағы 4 500 грамм болса, екінші баласының салмағы 4 050 грамм болған.