×

Олимпиада-2024: Бокс федерациясы сыйақы тағайындады

Лицензия алған спортшыларға 20 мың АҚШ доллары табыс етілді

 Дастан Жұмабекұлы 02.04.2024 | 10:34
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап ауызашар ұйымдастырды.

Осы жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп Олимпиадада чемпионы атанған боксшы мен жүлдегерге және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақынының көлемін жариялады.

Ол Қазақстан бокс федерациясы тарапынан Олимпиада чемпионына 220 мың, күміс жүлдегерге 120 мың, қола медалиске 70 мың, 4-орын алған боксшыға 30 мың және 5-орыннан көрінген боксшыға 10 мың доллар көлемінде сыйақы берілетінін айтты.

Ал бас жаттықтырушы мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады, – деді ол.

Сондай-ақ кездесуде жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар алқасы қаржылай сыйлықпен марапатталды. Боксшыларға 20 мың АҚШ долларынан табыс етілсе, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа 10 мың доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама