×

Алматыда жолаушылар мінген троллейбус өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 02.04.2024 | 10:20
Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінен өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 08:04-те оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары шыққан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Өрт алаңы – 20 шаршы метр.

Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама