Halyq Uni логотип
×

Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бас есепші сотталды

Мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келтірілді

 Динара Амантай 02.04.2024 | 10:05
Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бас есепші сотталды
Фото: Halyq Uni

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас есепші және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төлеген. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама