×

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды

 Динара Амантай 02.04.2024 | 09:12
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар басқа адамдармен бірлесе отырып, алдын ала сөз байласу арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама