×

Тоқаев ел дамуына үлес қосқан ғалымдарды марапаттады

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

 Ербол Тұрымбет 01.06.2022 | 09:55
фото: Halyq Uni

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат наградталды:

I дәрежелі «Барыс» орденімен:

  • Жұрынов Мұрат – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

  • Әбділдин Жабайхан – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
  • Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
  • Кішібеков Досмұхамед – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

«Парасат» орденімен:

  • Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ орталығының директоры;
  • Блиев Назарбай – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;
  • Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры;
  • Күрскеев Әбдірахман Козлоевич – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері;
  • Пак Иван Тимофеевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі;
  • Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры;
  • Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;

«Құрмет» орденімен:

  • Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы – «А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы;
  • Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры;
  • Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – "Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ ректоры
  • Косов Владимир Николаевич – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі;
  • Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры;
  • Медеу Ахметқал – «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы;
  • Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы – «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры;
  • Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры;
  • Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы – «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі;
  • Төлешов Амандық Қуатұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Дәулетов Асқар Ербұланұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама