Halyq Uni логотип
×

Астаналық әйел сау баласын «ауру» деп елден 1,7 млрд теңге жинаған (ВИДЕО)

Әйел Instagram парақшасын дамыту үшін 333 млн теңге жұмсаған

 Халық үні 01.04.2024 | 22:38

Қаржылық мониторирг агенттігінің өкілі Әлібек Әділов «Талқы» бағдарламасында өзінің «ауру» баласына емге деп халықтан ақша жинаған астаналық келіншек туралы айтты.

Оның айтуынша, елден көмек сұраған әйел 4 жылда 1.7 млрд теңге жинап, өзіне және күйеуіне автокөлік, Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

Астана қаласының тұрғыны Instagram парақшасы арқылы өзімнің 2019 жылғы ұлымды емдеймін деп ақша жинаған. Бала ресми түрде мүгедектік есебінде тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап, оған 360 мың пайдаланушы 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажет ақша 50 млн теңге, - дейді ол. 

Айтуынша, instagram парақшасын дамыту үшін күніге 150 мың теңге жұмсап, осы үшін 333 млн теңге жұмсаған.

Жиналған 127 млн. теңгесі қолма-қол ақша ретінде банктен алынған. Тауарлар мен қызметтен үшін 101,5 млн теңге алынған. Бұл түк емес. Астана қаласында 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Өзіне 2021 жылы шыққан Toyota маркалы автокөлігін, күйеуіне 2021 жылы шыққан Lexus маркалы автокөлігін сатып алған. Бұл азаматша 2014 жылдан бері, күйеуі 2021 жылдан бері ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. 

Аттарында ешқандай кәсіпкерлік жоқ. Баланы емдеу үшін Мәскеуге барып, 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. Жалпы баланың еміне 6,4 млн теңге жұмсаған. Бұл жиналған ақшаның 3-ақ пайызы,- деді Әлібек Әділов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама