Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 1 млрд теңге бөледі
Басшылығы бұл қадам табиғи апаттың зардабы тезірек қалыпқа келуге көмек береді деп үміттенеді
Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk тобы және «Халық» қорының басшылығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, аталған жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.
Айта кетсек, бұған дейін 6 облыстағы 7 жол учаскесінде су тасқыны болғанын хабарлаған болатынбыз.