×

Мәскеудегі теракт: СІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Әлемдегі саяси жағдай күрделеніп барады

 Дәурен Ерболат 01.04.2024 | 16:40
фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі терактіден соң қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

(Мәскеуде орналасқан «Крокус Сити Холдағы») теракт адам шошытарлық болды. Сол түні біз Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, бекітілген алгоритм бойынша жұмыс істедік. Жедел желінің телефон нөмірі жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер және басқа да Қазақстан азаматтарының бәрімен хабарласып, жағдайын анықтай бастадық. Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл Ресейдегі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Енді әлемде жағдай күрделініп барады. Одан ешкім сақтанбаған. Сондықтан азаматтарымыз қай елде жүрсе де сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақтықта қорлық жоқ. Сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, бейресми деректер бойынша бүгінде Ресейде 40 мыңға жуық қазақстандық студент оқып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама