Ең көп несие Астанада берілген
«7-20-25» бағдарламасы аясында 73 161 қарыз берілді, деп хабарлады Ұлттық банк.
28 наурыздағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.
Ең көбі Астанада – 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орында Шымкент тұр. Алматыда 231,7 млрд теңге, Шымкентте 67,5 млрд теңге несие берілген деген дерек бар.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақпен Қазақстанның орнықтылық қорына +7 (727) 227-20-25 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.