Halyq Uni логотип
×

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңгеге ипотека рәсімделді

Ең көп несие Астанада берілген

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 15:52
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңгеге ипотека рәсімделді
Фото: 7kun.kz

«7-20-25» бағдарламасы аясында 73 161 қарыз берілді, деп хабарлады Ұлттық банк.

28 наурыздағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.

Ең көбі Астанада – 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орында Шымкент тұр. Алматыда 231,7 млрд теңге, Шымкентте 67,5 млрд теңге несие берілген деген дерек бар.

 «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақпен Қазақстанның орнықтылық қорына +7 (727) 227-20-25 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама