Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды
Ақтөбеде жерлесінің бопсалауынан кейін тұрғын қорыққаннан несие рәсімдеуге мәжбүр болған. Жапа шегуші полицияға келіп, көшеде белгісіз біреудің 350 мың теңгенің ұялы телефонын несиеге алуға мәжбүрлегенін айтып арызданған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтады. Белгілі болғандай, 24 сәуір күні Қонаев көшесінде жәбірленушіні бопсалаған 21 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды.
Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша тергеу басталды.