×

Головкин жоқ: әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі жарияланды

Кличко соғыс болып жатса да жылына 73 млн доллар табады

 Халық үні 01.06.2022 | 08:40
Фото: ашық дереккөздерден

Planet Sport сайты әлемдегі ең бай боксшылардың тізімін жариялады.

Рейтинг боксшылардың шаршы алаңдағы жекпе-жектерінен тапқан ақшаларының көрсеткіші бойынша жасалған.

Сонымен әлемдегі ең бай боксшылардың тізімін Флойд Мейвезер бастап тұр. Ол жылына 400 млн фунт стерлинг немесе 503 млн доллар алады. Екінші орында Джордж Форман келеді. Оның жылдық табысы - 222 млн фунт стерлинг немесе 279 млн доллар. Үшінші сатыға Мэнни Пакьяо 163 млн фунт стерлинг немесе 205 млн доллармен жайғасты.

Әрі қарай тізімді Оскар Де Ла Хойя жалғастырып отыр. Бұл боксшының табысы - 148 млн фунт стерлинг немесе 186 млн доллар. Үздік бестікті Сауль «Канело» Альварес қорытындылап тұр. Мексикалық былғары қолғап шебері жыл он екі айда 105 млн фунт стерлинг санап алады екен. Доллармен есептегенде 132 млн АҚШ долларын қалтасына басып жүр. Екі жыл бұрын оның табысы 94 млн АҚШ доллары болған. Сонда осы уақытта 38 млн доллар тапқан.

Атақты британиялық боксшы Леннокс Льюис 103 млн фунт стерлинг немесе 129 млн доллар алады. Жетінші орында - Тайсон Фьюри. Ол табысын 100 млн фунт стерлингке жеткізді. Доллармен санағанда 125 млн доллар. Сегізінші орында - Шугар Рэй Леонард. Бұл боксшы жылына 88 млн фунт стерлинг немесе 111 млн доллар алады. Тоғызыншы болып Энтони Джошуа тұр. Оның табысы - 60 млн фунт стерлинг (75 млн доллар).

Владимир Кличко да ондыққа кіріп отыр. Украин боксшысы 58 млн фунт стерлинг немесе 73 млн доллар табады екен.
Бұл тізімде Геннадий Головкин жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама