×

Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында үздік атанды

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 12:01
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды.

Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өткен Гран-при турнирінде Айбота Ертайқызы 3 медаль жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медальге ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама