×

Биыл колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады

Қазір олардың құрылысына инвесторлар тартылып жатыр

 Динара Амантай 01.04.2024 | 11:48
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. Былтыр ғана еліміздің 9 өңірінде 2,6 мыңнан астам орындық 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазір олардың құрылысына инвесторлар тартылып жатыр, – деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Қазір Қазақстандағы колледж студенттерінің 87%-дан астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама