×

Гимнастшы Айбота Ертайқызы Гран-при турнирінде үш жүлде алды

Спортшы екі күміс, бір қола медаль иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 10:58
Фото: olympic.kz

Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды. 

Финалға дейін ұлттық құрама спортшысы көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Гимнастшы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен медаль алып келеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама