×

Абай облысында шопандар құтқарылды (ВИДЕО)

Оның біреуі аралдан табылды

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 09:54
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылдары туған екі шопан іздестірілді.

Құтқарушылар 39 жастағы ер адамды «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен тапты. Оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағымен жағаға жеткізілді.

Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан. Бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Олар Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама