АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жариялады
Оған HIMARS көпреттік зымыран жүйелері кіреді
Америка Құрама Штаттарының бұл жолғы әскери көмегінің жаңа пакеті 700 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Оған HIMARS көпреттік зымыран жүйелері кіреді
Он бірінші көмек пакеті 1 маусым, сәрсенбіде ресми түрде жіберіледі.
HIMARS және олардың оқ-дәрілері, қарсы соғыс радарлары және бірнеше әуе қорғаныс радиолокациялық станциялары, Javelin және басқа да танкке қарсы құралдар, қосымша артиллериялық оқ-дәрілер. Бірнеше тікұшақтар мен тактикалық көліктер, - деп мәлімдеді Ақ үйдің өкілі.
Көмектің келесі партиясы бұрын жеткізілген жабдықтың қосалқы бөлшектерін де қамтиды.