Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тұман, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады
Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең оңтүстік-батыстан және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, батыста тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Атырау облысында тұман күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
«2024 жылғы 2 сәуір мен 5 сәуір аралығында Қостанай және Қостанай облысында ауа температурасы күндіз +12+17, облыстың оңтүстігінде +20 градус, түнде 0+5 градусқа дейін көтеріледі, жаңбыр жауады, қар қарқынды түрде ериді, еріген ағынды судың және облыс өзендерінде мұздың еруі салдарынан су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар, жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі сақталады», - делінген хабарламада.