«Ауылдың бүкіл үйі құлады»: желіде ақтөбелік тұрғынның аудиожазбасы тарады

Халық үні

Әкесі баласына үйлерінің су астында қалғанын, бүкіл ауылды су басқанын айтып, хабарлама жіберген

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Желіде Ақтөбе облысында су тасқынынан үйі құлаған ер адамның баласына жіберген хабарламасы жарияланды.

Баласы әкесіне «Ауылға су келейін деп жатыр ма тағы?» деп жазған.Әкесі «Құдай біледі» деп жауап берген. 

Бір тәуліктен соң әкесі баласына үйлерінің құлағанын айтқан.

«Қалайсың, балам, амансың ба? Әй, ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Үйдің құлағанын көзіммен көрдім ғой. Балабақшаның төбесіне шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады. Қойлар Ойылда, тәтенің үйінде, сиырлар Барқында, ат Барқында. Тікұшақпен көрдім, аман-есен, бірақ үйдің құлағанын көзіммен көрдім, дым қалған жоқ, опырылып, судың ішіне түсті. Су деген кәдімгі шатырға жетті ғой. Аман болайық, деніміз сау болсын», - дейді ер адам баласына.