Halyq Uni логотип
×

СҚО-да миокард инфарктісінен қайтыс болғандар саны күрт артты

Биылғы үш айдың ішінде көз жұмғандар саны 20-ға жеткен

 Халық үні 01.06.2022 | 07:40
СҚО-да миокард инфарктісінен қайтыс болғандар саны күрт артты
Фото: ашық дереккөздерден

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр миокард инфарктісінен 9 адам қайтыс болса, биыл үш айда ғана 20 адам көз жұмған

СҚО-ның кардиологиялық орталық қарқынды терапия блогының меңгерушісі Михаил Телюктың айтуынша, миокард инфаркті немесе жүрек ұстамасы қан тамырының жүрек бұлшық етін қажетті оттегімен қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы, яғни өлі еттену ошағының пайда болуы.

Өңірде былтыр 279 адам жіті миокард инфарктісі бойынша диспансерлік есепке алынды. 2020 жылы 2449 адам ауырса, өткен жылы осы дертпен 2440 науқас дәрігерге қаралды. Бүгінде миокард инфарктісі кең тараған және ол науқастың кенеттен өліп кетуінің негізгі себебіне айналған. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны артып келеді», - дейді Михаил Телюк.

СҚО-да жүрек ұстамасынан 2020 жылы 12 адам, былтыр 9 адам қайтыс болды. Ал биылғы үш айдың ішінде көз жұмғандар саны 20-ға жеткен.

Жүрек ұстамасы ойда-жоқта ұстамайды. Бұл дертке жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық артериялардың атеросклерозы немесе басқа патология себеп болады. Мәселен, тромб – ұйыған қан атеросклероздан тарылған коронарлық артерияны бітеп тастайды. Салдарынан миокардқа оттегі бармайды, ұзақ уақыт оттегімен қанықпағандықтан бұлшық ет жасушылары өле бастап, жүректі зақымдайды. Сондай-ақ оның туындауына шамадан тыс тамақтану, қимыл-қозғалыстың аздығы, гипертоникалық аурулар, жағымсыз әдеттер, соның ішінде шылым шегу әсер етеді», - дейді кардиолог дәрігер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама