Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында ауылдар үлкен апаттың алдында тұр (ВИДЕО)

Халық қайық пен тікұшақпен көшіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2024 | 09:46
Ақтөбе облысында ауылдар үлкен апаттың алдында тұр (ВИДЕО)
Фото: https://t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысында ауылдар үлкен апаттың алдында тұр. Өңірде су тасқыны елді мекендерге күн өткен сайын қауіп төндіріп жатыр.

Осыған байланысты республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады.

Қозғалтқыштары бар үрлемелі қайықтарда 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. МИ-8 борты зардап шеккендерді Ақтөбе қаласына апарды.

Еріген қар суының ағынына байланысты Қобда өзенінің деңгейі көтерілді. Су жасанды бөгет арқылы ағып, Қоғалы елді мекенін су басу қаупі туындады.

Авариялық-құтқару және эвакуациялық жұмыстарды жүргізу мақсатында тікұшақ ұшырылып, құтқаршылар мен ЖАО күшімен 68 адам, оның ішінде 39 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Халықты тасқын судан құтқапу жұмыстары басқа да облыстарда жасалып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов пен ведомствоның Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров Ерейментау ауданына барып, Сілеті су қоймасын аралап, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының су басуын болдырмау үшін су ағызу мәселесін талқылады.

Сол сияқты 28237 әскери бөлімі екі жиынтық құтқару отрядының 28 әскери қызметшісі Абай облысы Бесқарағай ауданы Бозтал елді-мекенінің су басу аумағында авариялық-құтқару және алдын алу іс-шараларына кірісіп кетті.

Әскери бөлім су басқан тұрғын үйлердегі адамдарды қауіпсіз жерге көшірді.

Қазір әскери бөлімнің жеке құрамы қар суын сору және жағаларды нығайту, сонымен қатар қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама