×

Премьер-министрдің жаңа орынбасары тағайындалды

Осы қызметке дейін Қанат Бозымбаев мемлекет басшысының кеңешісі қызметін атқарған

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2024 | 09:26
Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің жаңа орынбсары тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақорда.

Ол өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Осы қызметке дейін 2023 жылдан бері мемлекет басшысының кеңешісі қызметін атқарған. 2021 мен 2022 жылдары Алматы облысының әкімі болған. Оған дейін Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі (2019–2021), Энергетика министрі (2016–2019), Павлодар облысы (2013–2016) мен Жамбыл облысының  әкімі (2009–2013) қызметтерін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама