×

Dubai World Cup: Кабирхан мәре сызығын негізгі топпен бірге кесіп өтті

Кабирхан 120 мың доллар жеңіп алды

 Халық үні 30.03.2024 | 22:14
Фото: instagram.com/racingdubai

Дубайда әлемнің үздік жокейлері мен ең жүйрік сәйгүліктері бақ сынайтын Dubai World Cup бәйгесі өтті, деп хабарлады Halyq Uni.

Қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары «Кабирхан» «Dubai World Cup - 2024» жарысында негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. 

Жарыста жетінші номермен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті. 

Бәйгеге барлығы 12 сәйгүлік қатысты. Кабирхан ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге алтыншы нөмірде жарыс жолына шығып, мәре сызығын сегізінші болып кесті. Осылайша, 120 мың долларға ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін көктемнің басты оқиғасы Dubai World Cup бәйгесі туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама