×

ҰҚҚ су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады

Комитет қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады

 Динара Амантай 30.03.2024 | 15:23
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомтство өкілдерінің мәліметінше, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көліктердің қозғалысы шектелуі мүмкін.

Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама