Halyq Uni логотип
×

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді

Қала әкімі комиссия отырысын өткізді

 Динара Амантай 30.03.2024 | 13:13
Алматыда денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Ерболат Досаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимовтың мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар мегаполисте сыбайлас жемқорлық қылмысын төмендетуге мүмкіндік берді. Егер 2019 жылдан 2021 жылға дейін қаланың денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 36 қылмыстық істі тіркесе, соңғы екі жылда барлығы 3 іс тіркелген.

Кеңес қорытындысы бойынша қала басшысы әкімдіктің жауапты бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама