Қазақстандағы су тасқыны: президент жағдайды бақылап отыр
Бүгін жиналыс өткізіледі
Дәурен Ерболат
30.03.2024 | 11:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр, деп хабарлады Ақорда.
- Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.
- Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.