×

Ақтөбе облысында бөгет жарылды

Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

 Дәурен Ерболат 30.03.2024 | 10:01
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Әйтеке би ауданында бөгет жарылды, деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігі.

29 наурызда кешке Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Щербаков шлюзінде сызат пайда болған. Содан кейін Талдысай мен Жүргенов ауылдарынан 149 адам эвакуацияланды. 

Кешкі сағат 21:40-та бөгет жарылып, Жүргенов ауылы шетіндегі Ырғыз өзеніне су ағылды.

2 ауылда эвакуация жарияланды. Жергілікті биліктің көмегімен 251 адам (87 бала) қауіпсіз жерге көшірілді.

Сондай-ақ 320 ірі қара, 340 ұсақ мал, 606 құс басқа жаққа көшірілген.

Бұған деңін өңірге алматылық құтқарушылар тобы көмекке аттанғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама