×

Роман Скляр Батыс Қазақстанға барды

Облыс орталығында және 4 ауданда төтенше жағдай жарияланды

 Дәурен Ерболат 30.03.2024 | 09:45
Фото: primeminister.kz

Батыс Қазақстан облысына бірінші вице-премьер Роман Скляр барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Өңірде мол түскен жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, жағдай күрделеніп отыр.

Жұмыс сапары барысында өңірдегі Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді.

4 аудан мен облыс орталығында жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, 874 адам құтқарылды.

Арнайы комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептей бастады.

Роман Скляр су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет тарапынан барлық қажет көмек көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама