Алматылық құтқарушылар Ақтөбе облысына көмекке аттанды (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Өңірдегі елді мекендерді су басып жатыр

Скрин видео

Бүгін түнде құтқарушылар тобы Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке аттанды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

30 наурызға қараған түні Алматы қаласы Республикалық жедел-құтқару жасағы Ақтөбе облысына ұшып кетті. Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

РЖҚЖ қызметкерлері өздерімен бірге резеңкелі және моторлы қайықтарды, альпинистік жабдықтары мен құралдарды алды.

Айта кетейік, кеше Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланғаны, қала маңындағы саяжайларды су басып жатқаны хабарланған еді.