Алайда ол ешбір камераға түспеген
Павлодарда әйел жоғалып кетті. Алайда ол ешбір камераға түспеген, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Vita ұйымына әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
«Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірістік. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады", – деп хабарлады ұйым.
Алайда ол ешбір камераға түспеген.
«Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (WhatsApp)", – делінген хабарламада.