Қазақстан Қостанай облысындағы мемлекеттік шекарасын жапты
ҰҚК Шекара қызметі су тасқынына байланысты «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтайтынын хабарлады.
ҰҚК Шекара қызметі су тасқынына байланысты «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтайтынын хабарлады.
«Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.