Еліміздегі 5 өңірде көлік қозғалысы шектелді
Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздегі бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздегі бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлады.
Қарағанды облысында 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Ұлытау облысында 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай» тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай» тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Қарағанды-Аягөз-Боғаз» тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.