×

«Қолында пышақ болды»: полиция келгенше Бишімбаевтың қасында болған куәгер не көргенін айтты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында куәгер ретінде барменнен жауап алынды.

 Халық үні 29.03.2024 | 19:45
Фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында куәгер ретінде барменнен жауап алынды.

«Сағат 19.00 шамасында Байжанов телефоныма хабарласып, BAU мейрамханасына көтерілуімді сұрады. Не үшін екенін айтпады. «Тез көтеріл» деді. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтке кірсем, жедел жәрдем болды. Қуандық Бишімбаев қолына пышақ ұстап жүрді. Ол дәретханаға пышақпен кіріп кетті. Біз қатты қорқып, артынан ердік. Одан пышақты алып, полиция келгенше күттік. 15-20 минуттан соң полиция келді», - деді ол.

Айтуынша, мейрамханаға келген кезде Бишімбаевтың қасында Байжанов қана болған. 

«Бишімбаев ештеңе айтпады. Сасқалақтап тұрды. Жылап тұрды. Кейін Салтанаттың қайтыс болғанын білдім. Пышақты алған кезде қарсыласпады. Мас болды. Ол «мен өлтірдім бе?» деп өзіне-өзі айта берді. Сол сәтте өө-өзіне қол жұмсағысы келген секілді көрінді. Ол дәретханаға жалғыз кіріп, ішінен жауып алды. Біз суицид жасай ма деп қорқып соңынан кірдік. Пышақты алып алған кезде асханаға басқа пышақ алу үшін жүгірді. Үстінде қанның ізі болмады», - дейді бармен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама