Бизнеске қысым жасауға жол берілмейді
Бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Комиссия отырысы жаңартылған құрамда ұйымдастырылды. Комиссияның жаңартылған құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов кірді.
Отырыс қорытындысына сәйкес, комиссия мынадай шешімдерді қабылдады:
Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды. Оларға қатысты Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық актив әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады, — деді Олжас Бектенов.