Кінәлі азаматтар жауапқа тартылды
Прокуратура органдары жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасының сақталуында бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау қызметі барысында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» футбол клубы ШЖҚ МКК-ның 160 қызметкерге жалпы сомасы 425 млн теңге жалақы берешегі бар екені анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтеліп, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.